$ 441.66  475.14  4.86

Ақтауда іс-түссіз жоғалып кеткен қыз табылды

23 шілдеде кешке сағат сегіздер шамасында Ақшұқыр ауылында үйінен шығып, із-түссіз жоғалып кеткен Диана Бекхожаева аман-есен табылды. Қазір қыз үйінде. Бұл туралы Tumba.kz порталына оқушының туыстары айтты.

Анықталғандай, Диана үлкен ағасымен сөзге келіп қалыпты. Содан сол күні кешке Ақтаудың 14-ықшамауданында тұратын әжесінің үйіне кетемін деп ойлаған. Алайда, толассыз жауған нөсер мен даланың қараңғылығынан жолда адасып қалады. Сөйтіп қаладағы тұрғындардың бірінің үйінде түнеп шыққан.

Айта кетсек, әлеуметтік желіде 13 жастағы Диана Бекхожаеваның суреті жарияланып, оның іс-түссіз жоғалып кеткені айтылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары