Белгілі журналист, продюсер Серік Абас-Шах екі банктың біріккенін келемеждеп өлең шығарды.
«Жар-жар!
Баян құсап лайкты,
Мықты жинап жар-жар.
Қосылуда қос банк,
Жұртты қинап жар-жар.
Үлкені мен клиенттің
Жасы мұнда жар-жар,
«Казкомкүлді» көруге,
Асығуда жар-жар.
Құтты болсын тойларың, «Halykшылдар» жар-жар.
Тоқал қылып «Казкомды» Алыпсыңдар жар-жар.
Бір аттаған босаға,
Берік болсын жар-жар.
Үйлеріңе «ЦентрКредит»,
Келіп қонсын жар-жар.
«Цеснабанк-ті» түгімен,
Жұтыңыздар жар-жар, «Kaspibank-ті» нөл қылып, Ұтыңыздар жар-жар. «ForteBank-тай» толықсып, Толыңыздар жар-жар,
«АТФ Банк-ке» қожайын, Болыңыздар жар-жар.
«Qazaq Banki-де» қан қалса,
Ішіңіздер жар-жар.
«Нұрбанк-ті» жеп семіріп,
Ісіңіздер жар-жар.
«RBK-ны» сүліктей,
Сорыңыздар жар-жар,
«TengriBank-ті» шалғын ғып,
Орыңыздар жар-жар.
БІРАҚ:
«Сбербанк», «Альфа», «ВТБ-ға»,
Ұрынбаңдар жар-жар.
Тек қазақстанский банктерге,
Қырындаңдар жар-жар. «Нұрлы» елдің ақшасы,
«Нұр-теңіз» ғой жар-жар.
Бүкіл xалық «Halyk-пен»,
Біргеміз ғой жар-жар.
С.А. (мәні өзгерген мәтін)
Өлеңді оқыған көпшілік, продюсердің астарлы қалжынына риза боп қалды.