Жаңалықтар 02.08.2018 сағат 05:56

Қостанайда жаңа ашылғалы жатқан мұз спорт кешеніне Денис Теннің есімі беріледі

Қостанайда жаңа ашылғалы жатқан Мұз спорт кешеніне мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің есімі беріледі. Бұл туралы облыстық  Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Вильямс айтты деп жазады «Костанайсике новости» газеті.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оның айтуынша, 2018-2019 жылдары Қостанайда төрт үлкен спорттық кешен ашылу жоспарда бар. Оның ішіндегі спорттық ойын-сауық орталығы ендігіде қолданысқа дайын екен. Ал жаңадан салынып жатқан Мұз кешені келесі жылы ашылады.

«Жаңа ашылғалы жатқан Мұз кешеніне Денис Теннің есімін беру жай ғана әңгіме емес. Бұл жайында маған бір журналист хабарласып, жаңа аренаға спортшының есімін беруге қалай қарайтынымды сұраған болатын. Мен бұл бастаманы қолдайтынымды айттым. Біз бұл ұсыныстың бастамашысы боламыз деген ойдамын», – деді Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар