$ 496  588.01  6.42

Бұрынғы қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов жаңа қызметке тағайындалды

Бұрынғы қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов жаңа қызметке келді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Жасұзақов Сәкен Әділханұлы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметіне тағайындалды», – делінген Ақорданың хабарламасында.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Рыспаев Асхат Наурызбайұлының Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметінен босатылғаны айтылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0