Шаңырақ көтеріп жатқан жастар қаладағы «Үміт» сәбилер үйіндегі бүлдіршіндерге сыйлық жасады деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Той болатын күні күндізгі серуеннің орнына олар қайырымдылықпен айналысуды жөн көрді. Сәбилер үйіндегі бүлдіршіндерге арнап жеміс-жидек пен тәтті сыйлады.
«Отбасы құруға ниеттене бастағанда шүкірлігімді ұмытпадым. Балалар үйіне барып бастарынан сипағымыз келді. Ниеттеніп, ойымызды жүзеге асыруға тырыстық», — дейді шаңырақ көтеріп жатқан Ерік Изғалиев.