16.08.2018, 05:36

«Эйр Астана» компаниясы Айқынның 100 мың теңгеге сатып алған билетін өзге біреуге сатып жіберген (ВИДЕО)

Айқын Төлепберген 100 мың теңгеге алған билетін «Эйр Астана» компаниясы сатып жібергенін мәлімдеді. Әуе компаниясының өкілімен болған диалогты әнші Instagram-парақшасына жүктеген.

«Эйр Астана» компаниясында былық боп жатыр. Алған билетімнің құны 100 мың теңгеден асады. Сол билетті басқа адамдарға сатып жіберген. Қалай сонда? Мен компанияның GOLD Nomad club карточкасының иесімін. Бір айдың ішінде билет алу үшін дәл осы авиакомпанияға 2 миллион теңгеден астам ақша бердім.

Эконом-класспен ұшқым келмейді деп тұрғам жоқ. Бизнес класс үшін 100 мыңнан астам ақша төледік. Ал бұлар менің билетімді ағашкілерге сатып жіберіпті. Бұл сиыр сатып алып, қой бергенмен тең ғой. Осымен 3-рет дәл осындай жағдай боп отыр», - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары бұндай жағдайды өздері де бастан өткергенін айтып, наразылықтарын жазып жатыр.