16.08.2018, 05:41

Ресейде алғаш рет гей-парад өтпек

ЛГБТ бірлестігінің өкілі Николай Алексеев сенсация жасап, Ресейде алғаш рет гей-парад өткізуге рұқсат берілгенін хабарлады. Бұл туралы ол «Вконакте» желесіндегі парақшасында мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

Өз мәлімдемесін Николай Алексеев Новоульяновск әкімшілігінің жауабы негізінде айтқан. Ол тіпті желіге ресми құжаттың көшірмесін жүктеп қойған.

Онда әкімшілік гей-парадты қаланың қақ ортасында емес, Яблоневый ауылында өткізуге рұқсат беретінін мәлімдеген. Олардың айтуынша, көпшілік шоғырланған жерде мұндай шеру өткізу үлкен жанжалға ұласуы мүмкін.

«Бізге Яблоневый ауылыныда гей-парад өткізуге рұқсат берілді. Біле білсеңіз ол жерде небәрі 7 адам ғана тұрады. Тағы да 131 адам мекендейтін Панская Слобода ауылында өткізу таңдауы болған. Алайда, бұл заманауи Ресей үшін жарамас еді», - деп жазған ол.

Сөз соңында Николай Алексеев Ресей тарихындағы алғашқы гей-парад 26 тамыз күні сағат 12:00 мен 14:00 арасында болып өтпек. ЛГБТ бірлестігінің өкілі шеруге 300-ге аса қатысушы тіркеліп үлгергенін де айта кетті.