Осыдан 1 ай бұрын Еуразия университетінің профессоры Мырзантай Жақып гранттардың талантты жастарға емес, сабаққа мүлдем келмейтін әнші-әртістерге берілетінін айтып елді біраз шулатқан болатын. Осы даудан кейін «Ал мен мемлекеттің грантына таласпаймын. Күйеумін ақшасына оқимын» деп мақтанған тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бүгін ресми түрде студент атанғанын мәлімдем отыр.
«Қазір қолымызды кеш сермейтін, ғылымды ескермейтін заман емес. Анау жолы мемлекеттік грантқа таласпаймын, күйеуімнің ақшасына оқимын деп жазған едім ғой. Ағылшыннан тест тапсырдым, эссемді жаздым. Енді ресми түрде студентпін. Неге қажет болды? Мысалы әр бағдарлама, желі, кітап саласы, алдағы кондитерлік желі мен қайта қолға алғалы отырған менторлық қызмет пен тренингтер бәрі жап-жақсы пайдалы бизнес көзі. Қаржылай сауаттылық пен сауда заңдылығының қыр-сырын білу қажет болып тұр. Сол себепті, Бизнес-мектебін таңдадым.
Неге Швейцария емес? Сол! Отбасы, баланың сабағы дегендей. Шынын айтқанда, Қайрат шетелге келіншегін жалғыз жібергісі келмейді», – деп жазды ол Instagram-парақшасына.
Желі қолданушылары 40-қа келген тележүрізушіні қарық қып оқитынына күмәнданады.
«Осының білім іздеп барғанына сенбеймін. Диплом керек болғаны да», «Оқысаңыз неге жарияға жар саласыз? Қазақстанда университетке түскен жалғыз өзіңіз бе әлде?», «Ақшамен жабатын шығар сессияны. Телеарнадан түспесе, қалай сабақ оқиды?», - деп жазды желі қолданушылары.