Қарағандыда 16 жастағы кондуктор автобус жолаушысын ұрып-соқты. Кондуктордан таяқ жеген жолаушы Астана тұрғыны болып шықты деп хабарлайды Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.
«16 тамызда Қарағанды қаласындағы аялдамалардың бірінде қоғамдық көлікте кондуктор болып жұмыс істейтін 16 жасар жасөспірім 28 жастағы Астана тұрғынын соққыға жығып, жарақаттады. Қазіргі уақытта бұл іске қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша рәсімдік шешім қабылданатын болады», – деді Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Оқиғадан кейін полиция қызметкерлері жолаушыны соққыға жыққан күдіктіні ұстады. Ал, жәбірленуші түрлі жарақаттармен қалалық емдеу мекемесіне жүгінді.
Бөлімде айтылғандай, қоғамдық көліктің 16 жастағы кондукторы мен 28 жастағы жолаушы арасындағы қақтығысқа қатысты «бұзақылық» бабы бойынша алдын ала тергеу басталды.
Дереккөз: Stan.kz