$ 441.58  480  4.86

Қазақстанға Оңтүстік Корея мен Қырғызстаннан келетін ақша легінің көлемі артқан

Жарты жылда Қазақстанға ақшалай аударымдар жүйесі арқылы 150 миллиард теңгеге жуық ақша аударылған. Оңтүстік Кореядан аударылған ақшаның көлемі 2,3 есеге, ал Қырғызстаннан аударылған ақша 77 пайызға көбейген деп хабарлайды Ranking.kz.

Сарапшылардың мәліметінше, 2018 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Қазақстанға шетелдіктерден келген ақшалай аударымдар 147,5 миллиард теңгеге жеткен. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 10,5 пайызға көп екен.

«Ақшалар көбіне Ресейден аударылған - 71,2 миллиард теңге. Екінші орында Корея Республикасы тұр, Кореядан 22,9 миллиард теңге аударылған. Оңтүстік Кореяның үлесі 7,4 пайыздан 15,5 пайызға көбейген. Ал үшінші орында Қырғызстан тұр. Қырғызстанан 13,3 миллиард теңге аударылған, көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 77,4 пайызға өскен», - делінген сарапшылардың зерттеуінде.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары