Кеше қаладағы Мирный ауданындағы бау-бақша бірлестіктері аумағынан қинап өлтірілген 59 жастағы ер адамның мәйіті табылды деп жазады YK-news. kz.
«Адам өлтіру ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктіні анықтаған. Ол бұрын да істі болған 55 жастағы ер адам болып шықты», – деді ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.