$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда жүк вагонына шыққан баланы ток соқты (ВИДЕО)

Қарағандыда шамамен 9-10 жастағы бала теміржол вагонына шығып, қатты ток соққысын алған. Бала жансақтау бөлімінде жатыр деп жазады Tengrinews.kz.

Төтенше жағдай 21 тамызда «Жаңа Қарағанды» бекетінде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, шамамен 9-10 жастағы бала жүк вагонының төбесіне шығып, қатты ток соққысын алған. Оқиға түсірілген видео Instagram әлеуметтік желісінде жарияланды. Кадрларда теміржол аумағы мен ауыр күйік жарақатын алған бала көрінеді.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер зардап шегушінің жағдайын түсіндірді. Ведомствоның мәліметінше, бала профессор Х.Мақажанов атындағы ортопедия және травматология орталығына жеткізілген. 

«Бала ауруханаға кеше жеткізілді. Шамамен 9-10 жаста. Жағдайы ауыр. Денесінің 80 пайызы күйген, бала жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды, ес-түссіз жатыр. Ол жансақтау бөлімінде, барлық қолдан келген көмек көрсетіліп жатыр», - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары