$ 494.87  520.65  4.91

Сағадиев биыл мектепке үш миллионнан аса бала баратынын айтты

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2018 жылы мектепке үш миллионнан аса баланың баратынын айтты деп жазады Tengrinews.kz.

«2018 жылы үш миллионнан аса бала мектепке барады, олардың 350 мыңы бірінші сыныпқа барады», - деді Сағадиев үкімет отырысы барысында.

Сондай-ақ, министр республикалық бюджет есебінен 110 мектептің салынып жатқанын, оның 72-сі биыл пайдалануға берілетінін айтып өтті.

«Жаңа оқу жылында жаңартылған оқулықтарға 3, 6, 8-сынып оқушылары өтеді. Педагогтар қажетті курстардан өтіп жатыр. (...) Оқулықтардың электрондық нұсқасы енгізіліп жатыр», - деді министр.

Оның айтуынша, мектеп формасына қатысты ешқандай өзгеріс жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары