26.08.2018, 10:38

Азиада-2018: Дидар Әмірәлі каратэден финалға шықты

Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында каратеші Дидар Әмірәлі финалға шықты деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР ҰОК-тің баспасөз қызметі мәлім еткендей бүгін Азия ойындарында каратешілер додасы жалғасуда. 67 келіде сынға түскен Дидар Әмірәлі құрлық додасының финалына өтті.

Дидар Әмірәлі 1/16 финалда Бірікеен Араб Әмірліктерінің спортшысын ұтты.

1/8 финалда Таиланд өкілінен басым түсті. Ширек финалда Шри-Ланка спортшысын тізе бүктірген Дидар жартылай финалда индонезиялық каратешіні жеңді.

Финалда Дидар кувейттік Әли Абдуәзизбен Азиада алтынын сарапқа салады.