29.08.2018, 10:31

Алматыда пәтерлерді тексеру кезінде 41 секс-притон анықталды

Полиция бөлімінің мәліметінше, пәтерлерді тексеру кезінде притондарды ұйымдастырып, жезөкшелікпен айналысу ісіне қатысты 41 факт тіркелді деп жазады Stan.kz.

«Қазіргі уақытта притондарды ұйымдастырушылар жөніндегі барлық ақпарат Алматы қаласы ІІД-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына жіберілді. Сонымен қатар полиция инспекторлары мен жол-патрульдік полициялары тексеріс жүргізіп, интимді қызмет көрсету мен жезөкшелік қызметтердің алдын алатын болады. Түрксіб ауданында жыл басынан бері полицейлер жеңіл жүрісті қыздарға қатысты 391 құқықбұзушылық тапты», – деді Түрксіб аудандық ІІБ басшысы Талғат Беркенбаев.

Қалалық ІІД мәліметінше, полицейлер кәмілет жасқа толмағандардың жезөкшелікпен айналысуы, притон ұйымдастыру, жеңгетайлықпен, жезөкшелікпен айналысуға ғимарат бергені үшін ҚР заңына сай қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылатынын ескертеді.