Оралда бүгін сағат таңғы 08.30 шамасында Шолохов және Тюленин көшелерінің қиылысында әйелді көлік қағып кетті деп жазады Мой город.
«Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 5 минуттан кейін жетті. 1979 жылғы әйел соққыдан бассүйек-мидың жабық жарақатын алған. Шұғыл түрде Облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді», – деді БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.