$ 494.87  520.65  4.91

Баламның қызтекеге еліктеуі мүмкін емес: Меруерт Түсіпбаева 91 тобына шүйлікті

Меруерт Түсіпбаеваға 91 тобының сырға тағып, шаштарын түрлі түске бояғаны ұнамайды екен. Әнші ұлының сол топты сүйіп тыңдағанымен олардың стиліне жоламайтынына сенімді.

«Балам 17 жаста. 91 тобын тыңдайды. Бірақ ешқашан да сырға тағып, салбыраған шалбар кимейді. Өйткені оның ана-анасынан, мектептен алған тәрбиесінің діңгегі өте берік.

Менің баламның қызтекеге еліктеуі мүмкін емес. Ашық-шашық сахнаға шығып, сырға тағып, жігіттеріміз бұты салбырап, әйел сияқты киініп шықса да, одан ешкім өліп жатқан жоқ», – деді Түсіпбаева Hit-TV арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұған дейін 91 тобын отандық телеарналардың бірінде Ринат Зайытов қатал сынға алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары