$ 443.85  474.3  4.8

Ғалымдар ШҚО-ға жаңа атау беруді ұсынды

Ғалымдар ШҚО-да өткен «Алтай – түрік әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық форумда өңірге «Алтын Алтай» атауын беру туралы ұсыныс айтты деп жазады Хабар 24.

Айтулы жиынға әлемнің түкпір-түкпірінен археологтар мен түркологтар келген. Айта кетерлігі, биыл өңірде тағы бір Алтын адам табылып, көпті таң қалдырған еді. Алдағы уақытта облыста осындай тарихи жәдігерлерді зерттеу мақсатында зертхана ашылу көзделіп отыр. Форумға келген ғалымдар өңірге «Алтын Алтай» атауын беруді ұсынып отыр.

«Мен өңірдегі түрлі тарихи-мәдени жәдігерлерді көріп таң қалдым. Олармен танысу үшін осы форумға әдейі келдім десем болады. Бұл аймақ тарихын жандандыруға таптырмас мүмкіндік. Өлкенің тарихы өте бай, жалпы аймақты Алтай деп атаса да артық ептпейді»,-дейді Франциядан келген ғалым.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары