9 қыркүйекте Лисаковсктан 10 шақырым қашықтықта КамАЗ автокөлігінен ер адамның өлі денесі табылды деп жазады ng.kz.
Марқұмның оқ жарақатын алғаны белгілі болды.
Мемлекеттік нөмірі 551 ЕЕА 10 автокөлігі Жамбаскөл ауылынан Таран ауданына бара жатқан. Ішінде 2 ер адам болған. Тергеу мәліметтері бойынша екеуінде де қару бар болуы мүмкін.
Қазір күдіктілерді іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.