$ 449.58  486.94  4.86

Алматыда жанармай бекетіне шабуыл жасаған қарақшы ұсталып қалды

Алматының Жетісу ауданындағы жанармай бекетіне кеше түнде қарақшылық шабуыл жасаған. Бекет қызметкерлері тонаушыны қамап тастап, полиция шақырыпты Sputniknews.kz.

Сағат түнгі екі кезінде жанармай бекетінің кассасы орналасқан ғимаратқа сатып алушы кейпінде жас жігіт кіреді. Ештеңе алмастан, ананы-мынаны қарап, қайта шығып кеткен. Алайда көп ұзамай дүкенге оралады. Бірақ медициналық маска киіп, пышақпен қаруланып алыпты.

«Оны көрген касса қызметкерлері артқы есік арқылы дүкеннен шығып, сыртынан бекітіп тастайды. Жанармай құюшы да тез аңғара қойып, алдыңғы есікті де жауып, полицияға хабар берген», – деп оқиғаны баяндады Алматы қаласы Жетісу ауданы ІІБ басшының қызметін атқарушы Дархан Мұсанов.

Жас жігіт қанша тырысса да, жанармай бекетінің терезесін шаға алмапты. Оның үстіне уақыты да жетпеген сыңайлы: патруль үш минут ішінде келіп жетті. Қылмыскер полицияға қарсылық көрсеткен жоқ.

Жас жігіт қанша тырысса да, жанармай бекетінің терезесін шаға алмапты. Оның үстіне уақыты да жетпеген сыңайлы: патруль үш минут ішінде келіп жетті. Қылмыскер полицияға қарсылық көрсеткен жоқ.

Белгілі болғандай, Алматы қаласының 26 жастағы тұрғыны бұдан бұрын тонаушылық жасағаны үшін істі болған екен. 

Шабуыл дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр, ал жанармай бекетінің қырағы әрі тапқыр қызметкерлері қарақшыны қолға түсіргендері үшін марапатталуы да мүмкін. 

«Қылмысты алдын ала сезіп, бәрін дұрыс жасаған. Жанармай бекеті қызметкерлері өздері үшін де, өзгелер үшін де қауіпті азайта білді. Қарулы қылмыскерді ғимаратқа қамап тастады. Бұл марапатқа лайық», – деп атап өтті полиция.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары