$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде Қытай компаниясындағы жарылыстан қаза тапқан ер адамның артында 5 баласы қалды

Ақтөбеде Қытай компаниясына тиесілі жанармай таситын көлік жарылып, 2 оператор қаза тапқан. 38 жастағы Серікбай Палуановтың отбасы марқұмды жерлеу рәсіміне дайындалып жатыр деп жазады Мой ГОРОД.

Ер адамның артында 5 баласы қалған. үлкені — 14, кішісі — 2 жаста.

«Дәрігерлер жағдайының ауыр екенін айтса да, оның тірі қалатынына еш күмәнданбадық. Тыныс алып жатты. Бірақ қайғыдан қан жұтып қалатынымызды кім білген», – дейді марқұмның ағасы Көмекбай Палуанов.

Еске сала кетейік, 10 қыркүйек күні «CNPC — Актөбемұнайгаз» қытай компаниясының мұнай қоймасына мұнай таситын көлік жарылып, 2 оператор қайтыс болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары