$ 494.87  520.65  4.91

Сирия жағалауында бортында 14 адамы бар Ресейдің әскери ұшағы жоғалып кетті

Жерорта теңізінің шығыс жағалауында бортында 14 адам бар ресейлік әскери барлаушы ұшағы жоғалып кетті. CNN телеарнасының хабарлауынша, ұшақты Сирияның әуе шабуылына қарсы әскери күштері атып түсірген болуы мүмкін.

Ресей қорғаныс министрлігіндегі есімін атамаған өкіліне сілтеме жасаған ТАСС жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, Ил-20 ұшағы радардан көрінбей кеткен уақытта Сирияның Латакия провинциясына израильдік F-16 әскери ұшықтары ұшырылған.

Оның сөзінше, оқиға қыркүйектің 17-сі күні кешке, ұшақ Хмеймим әуебазасына қайтып келе жатқанда болған. Ресейлік әскерилер іздестіру операциясын бастаған.

Есімін атамаған американдық шенеунікке сілтеме жасаған CNN, ұшақты Сирияның әуе шабуылына қарсы жерден басқарылатын жүйе атып түсіруі мүмкін екенін хабарлайды. Шенеунік, бұл жағдай кездейсоқ болуы мүмкін дейді.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары