18.09.2018, 08:35

Қостанайда 7 жасар бала кәріз құдығынан өлі табылды

Қостанай облысы Жетіқара ауданы Тимирязев ауылында кәріз құдығынан 7 жасар баланың өлі денесі табылды деп жазады kstnews.kz.

Оқиға 17 қыркүйек күні болған. 2011 жылы туған бала сол күні түскі сағат 14:00-де үйінен шығып, қайта оралмаған. Оны іздеуге құтқарушылар, ІІД жеке құрамы мен техникасы және жергілікті халық атсалысқан.

Қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жүргізідіп жатыр.