ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі Әлихан Смайылов қаржы министрі лауазымына тағайындалды деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.
«Әлихан Смайылов қаржы министрі лауазымына тағайындалсын. Президент кеңесшісі қызметінен босатылсын», — делінген мемлекет басшысының жарлығында.
Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс Смайыловтың кандидатурасын мақұлдаған.