18 қыркүйек күні Ақтөбе әкімдігінің маңында ер адам қайтыс болды деп жазады Diapazon.kz.
Куәгерлер 20 минут бойы жедел жәрдемге қоңырау шалып зорға сөйлескенін, бірақ дәрігерлердің келмегенін айтады. Ал денсаулық сақтау басқармасы «103» пультіне ешқандай қоңырау түспеді» деп отыр.
«Техникалық себептерге байланысты қоңырау түспеген болар. Егер оларға хабар жетсе, жедел жәрдем 10 минут ішінде келуі керек.
Ер адамның жүрек талмасы ұстап қалған болуы мүмкін. Қазір сот медициналық сараптамасы марқұмның неден қайтыс болғанын анықтап жатыр», - дейді Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Мәмбетжанова.