27.09.2018, 04:44

«Канело» Головкинмен айқастан кейін демалысқа кетті

Мексикалық боксшы Сауль Альварес (50-1-2, 34 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) өткен күрделі айқастан кейін демалуға бел буған деп хабарлайды Sports.kz.

«Демалыс», - деп қысқаша жазды «Канело» Instagram-ға жүктелген фотоның астына.

Сондай-ақ ол «Stories» бөліміне демалысты өткізіп жатқан жерден видео жариялады. Алайда, оның орналасқан жерін көрсетпеген.

Еске салайық, GGG «Канело» арасындағы бірінші және екінші айқастар Лас-Вегастағы T-Mobile кешенінде өтті. Екі жекпе-жекте де боксшылардың ешқайсысы айқын басымдықпен жеңіске жете алмады. Алғашқысы - тең нәтижемен, реванш - төрешілер дауысымен «Канелоның» пайдасына аяқталды.