KASE таңғы саудасында ұлттық валюта бағамы 361,63 теңгеге дейін әлсіреді деп хабарлайды Tengrinews.kz.
26 қыркүйектегі күндізгі сессияда бір доллар 360,21 теңге болған еді. Бірінші сауда 361 теңгемен өтті. Ең төмен баға да - осы, ең жоғары баға - 362,06.
Сауда көлемі 66,8 миллион долларға жетті. Kurs.kz мәліметтері бойынша, ақша айырбастау орындарында бір доллар 357,5-361 теңгеге сатылып жатыр, ал сатып алу - 362-363 теңге. Астана уақыты бойынша сағат 11.17-де Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 82,1 доллар болды.