$ 494.87  520.65  4.91

Стамбұл әуежайында өзіне қол салған қазақстандықтың денесі елге жеткізіледі

Стамбұл әуежайында көз жұмған Қазақстан азаматының денесі жуық арада елге жеткізіледі. Бұл жайлы ҚР СІМ ғимаратында өткен брифинг барысында ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетсек, Стамбұлдағы «Ататүрік» әуежайында ер адам екінші қабаттан секіріп, қаза тапқан еді.

«Туыстарына хабар берілді. Бүгін оның жұбайы Стамбұл қаласына ұшып келді. Қазіргі таңда оның денесі Стамбұл қаласының бір ауруханасында жатыр. Бүгін бүкіл құжат дайындалып, жақын арада денесі Қазақстанға жеткізіледі. Қалай құлады, неге құлады - ол туралы түрік полициясы тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу нәтижесі болған жағдайда сіздерге хабарын береміз», - деді Айбек Смадияров.

Қайтыс болған кісінің кім екенін ҚР СІМ ресми өкілі әзірге айта алмайтынын жеткізді.

«Әрбір тұлғаның жеке ақпараты болғандықтан, оны қазір айта алмаймыз. Кейін туыстарының өздері айтпаса... Жалпы, не үшін барғаны белгісіз. 26 қыркүйек күні Стамбұл қаласының әуежайына ұшып келген. Ресми түрде шекарадан өткеннен кейін сол әуежай ғимаратында 27 қыркүйек түскі 15:30-ға дейін жүрген. Сосын екінші қабаттан құлап, қайтыс болған», - дейді ол.

Айбек Смадияров атап өткендей, Қазақстанның Түркиядағы консулы қайтыс болған кісінің туыстарына барынша көмектесіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары