04.10.2018, 06:28

Павлодарда саңырауқұлақ теріп жүрген ер адам жоғалып кетті

Ленин кентінде Ертіс өзенінің жайылмасында саңырауқұлақ теруге шыққан балықшы жоғалып кетті. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті деп жазады pavlodarnews.kz.

«2 қазанға қараған түні сағат 00.05-де «112» пультіне Павлодар қаласының маңында ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде құрамында Павлодар облысы  ТЖД-нің үш қызметкері бар топ шықты. Олар жайылманың әрбір  шаршы метрін тексеріп шықты», - дейді департаментте.

Құтқарушылар сағат 01.42-де келіп түскен іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 1957 жылы туған ер адамды ұялы телефоны арқылы анықтады. Медициналық көмектен бас тартқан азаматты құтқарушылар туған-туыстарына тапсырды.