$ 443.85  474.3  4.8

«Ол қаннан қорқады»: Денис Теннің өліміне күдіктінің анасы баласы жайлы бар шындықты айтты

Танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне күдікті деп танылған Нұралы Қиясовтың анасы жан сырын ақтарды. Оның айтуынша, бала кезден тілалғыш болып өскен бала адам өлтіруі мүмкін емес деп жазады KYN.KZ.

Күдіктінің анасы Гүлзира Наушабаева Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінде тұрады. 1991 жылы күйеуін кездестіріп, 1994 жылы Нұралыны өмірге алып келген.

Отбасындағы екінші бала екен. Кішкентай күнінен тілалғыш болғанымен, сабақты үштікке оқыған. Ал Нұралы 9-сыныпты бітіріп, колледжге түскен жылы Гүлзира күйеуімен ажырасқан.

Гүлзира қызын өзімен алып кеткен де, екі ұлын әкесінде қалдырыпты. Осыдан соң Нұралы Алматыға кетіп қалған. Ол анасына хабарласқан сайын, жағдайының жақсы екенін, достарымен пәтер жалдап тұрып жатқанын айтқан көрінеді.

Анасы ұлының алматылық достары жайлы білмейтінін айтты. Ал Нұралы болса, қарындасына келсе болды, тәттісі мен сыйлығын арқалап келеді екен.

2016 жылы Нұралы көліктің бөлшегін ұрлағаны үшін Алматыда қолға түседі. Үш ай уақытша қамауға алынған жігіт сот залынан босатылады.

Нұралы анасына бұл істі ешқашан қайталамайтынын айтқан екен. Гүлзира қызын Жамбылға тастап, ұлының қасына Алматыға келген. Ыдыс жуушы болып жұмысқа да орналасады. Ал Нұралы анасына көлік жуу орнында жұмыс істейтінін, моншаға арналған сыпырғы дайындайтынын айтқан.

Гүлзираның күйеуі қайта қосылғысы келетінін айтқан соң, ол Жамбылға оралыпты. Ал Нұралы ұсталғанда, Гүлзираның үйіне полицейлер барып, суық хабарды жеткізген.

Нұралының анасы сол жерде есінен танып қалыпты. Күдіктінің анасы ұлының қаннан қорқатынын айтып, қылмысты Нұралының жасағанына сенбейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары