$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыда қала орталығында ер адам қайтыс болды

8 қыркүйек күні Қарағандыдағы «Юбилейный» дүкенінің маңында ер адам қайтыс болды деп хабарлайды Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Полиция бөлімшесіне тұрғындардың бірінен ер адамның көшеде жатқаны жайлы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары марқұмның қайтыс болғанын анықтады.

Алдын ала болжам бойынша, ер адам жолда жүрегі ұстап құлап қалған болуы мүмкін. Денесінде зорлық белгілері жоқ.

Дереккөз: ekaraganda.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары