$ 481.84  531.33  5.07

Қазақстанда үйдің бағасы қымбаттады

2018 жылғы қыркүйекте тұрғын үй нарығындағы баға біршама өзгерді деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату және абаттандырылған тұрғын үйлерді алып-сату бағалары – 0,2, абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып-сату – 0,1 пайызға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 2 пайызға жоғарылады.

Қыркүйекте жаңа тұрғын үйлердің  бір шаршы метрі 264 788 теңгені құраса, абаттандырылған тұрғын үйлердің шаршы метрі 184 430 теңге,  абаттандырылмаған тұрғын үйлердің шаршы метрі 114 206  теңге болды. Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі шаршы метріне 1367 теңге болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары