$ 490.84  536.88  5.04

Он жыл бойы кездескен көңілдесінен қыз туып алған әйел уақытын бос өткізіп алғанына өкінді

Гүзел Әмедова екі баланың анасы. Бірақ ұлы мен қызы екі әкеден. Біреуі күйеуінен болса, екіншісін он жыл бойы кездескен көңілдесінен туып алған. Бұл туралы әйел «Өз ойым» бағдарламасында айтты.

Гүзел жастай тұрмысқа шыққан. Алайда, күйеуі ішімдікке салынып, оған бірнеше рет қол көтеріпті. Жұмыс істемеген. Сөйтіп тұрмыстық зорлық-зомбылыққа үш жыл шыдаған ол, ажырасуға бел буған. Ол кезде Гүзелдің жасы небәрі 24-те екен.

«Бірінші адам дұрыс болмағаннан кейін қорықтым. Өзім жұмыс істеп, әрі қарай өмір сүре бердім. Кейін өмір өтіп бара жатыр, қашан уақыт өтеді деп күтпедім. Кездесіп жүрген жігітім бар еді, сонымен келісіп, екінші баламды босанып алдым. Балам не жағдай болғанын біледі, түсінеді. Қыз әзірге сұрамайды. Екеуінің әкесі екі адам екенін біледі», – дейді әйел.

Гүзел ол азаматтың отбасылы екенін біле тұра, «ашынасы» болуға келіскен екен. Алғашқы некесінен туған ұлы 22-де, ал некесіз туған сәбиі – 13 жаста.

«Жауапкершілігі бар адам қашан жолығады деп жүргенде өмірім өтіп бара жатты. Сондықтан осындай қадамға бардым. Әкесі басында көмектесіп тұрды, қазір жоқ. Әлі де араласып тұрамыз. Қызым да әкесін біледі. Бірақ алимент туралы әңгіме жоқ», – деген Гүзел жас кезінде қайта тұрмыс құрмағанына өкінетінін айтты.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары