$ 498.34  519.72  4.85

Курстасынан жүкті болған студент асылып өлді

Өзбекстанның Сұрқандария облысы Термез қаласында курстасынан жүкті болып қалған 17 жастағы колледж студенті үйінің ауласында асылып өлді деп жазады centralasian.org.

Колледж студенті 22 қыркүйекте үйінің ауласындағы қорада асылып қалған.

«Қызымның жүктілігіне екі ай болған. Ол масқара болғысы келмеді. Баланың әкесі жоғалып кетті. Мен әйелім мен әпкеме қызды жігіттің үйіне апарып тастауын сұрадым. Олар солай жасады. Бірақ жігіттің туыстары аяғы ауыр қыз керек емес деген. Біз оны екі мәрте сол үйге жібердік, бірақ олар қызды үйге қайтарып жіберді. Содан кейін қыз осындай әрекетке барған», - деді марқұмның әкесі.

Махалла белсенділері қыз бен жігітті үйлендіруге тырысқандарын айтты. «Жігіт ол қызға үйленгісі келді, бірақ әкесі қарсы болды. «Аяғы ауыр қыз менің табалдырығымды аттамайды» деп тұрып алды», - деді ауыл белсендісі.

Термез қаласының ішкі істер бөлімі 17 жастағы қыздың жүктілігіне қатысты қылмыстық іс қозғалмай 18 жастағы жігіттің әрекетінде қылмыс болды деп айта алмай отыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары