Өскеменде 9 қазанда пештегі газдан уланып қалған қыз ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
1995 жылғы бойжеткен «Восточник-5» бау-бақша қоғамында өз үйінде пештен шыққан газдан уланып қалған. Ол өрт қауіпсіздігін сақтамаған.
Мамандар пешке от жағарда мұқият болуды ескертті.
Дереккөз: Newtimes.kz