$ 448.15  483.46  4.86

Риддерде 54 жастағы ер адамды көлік қағып өлтірді

Жол апаты салдарынан жарақат алған 54 жастағы ер адам ауруханада көз жұмды деп жазады yk-news.kz.

Полицейлердің мәліметінше, жол апаты Риддерде 10 қазанда сағат 17:00 шамасында болған. 53 жастағы көлік жүргізушісі арнайы жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткен.

«Жарақат алған Риддердің 54 жастағы тұрғыны ауруханаға жеткізілді. Көп ұзамай ер адам көз жұмған», – дейді ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары