$ 494.87  520.65  4.91

Астана тұрғыны өзіне полицейдің шабуыл жасағанын айтты (ВИДЕО)

Астана тұрғыны өзіне полицейдің шабуыл жасағанын айтты. Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі za_rulem_astana тобында жарияланған.

Видеода полиция формасындағы ер адамның авторға күш көрсетіп жатқанын анық көруге болады.

«Маған полиция мойоры шабуыл жасады. Мен одан автобус аялдамасына қойып қойған көлігін алуын сұрадым. Ол менің айтқанымды елемей кетіп қалды да, аз уақыт өткен соң қайта келді. Оны видеоға түсіре бастағанымда телефонымды алып қоймақ болды. Сосын қолымды қайырып, видеоға түсіргенім үшін айыппұл төлейсің деп қорқытты. Қайт жолаушылардың бірі мені құтқарып қалды. Әлгі майор кетіп қалды. Мен 102-ге хабарласып, болған жайтты айттым, арыз жаздым. Енді қандай шешім шығарады екен, көреміз», - деп жазған жәбірленуші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары