$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайдағы көлік апатынан бір жолаушы мерт болды

Қостанай ауданында автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарынан бір жолаушы мерт болды деп жазады ҚазАқпарат.

Оқыс оқиғаны облыстық ІІД баспасөз қызметі растады. Келеңсіз жағдай Қостанай ауданының Заречный ауылының Юбилейный көшесінде болды.

«ВАЗ-2113» көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан автобусқа соқтығысқан. Жол-көлік апаты салдарынан жеңіл көлікте отырған жолаушы көз жұмды. Көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілді», - делінген ІІД баспасөз хабарламасында. Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары