Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Королі Филиппен кездесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Бельгияның саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Бельгияны әуелден өзара түсіністік пен құрметке негізделген достық қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтті.
Дереккөз: Sputniknews.kz