26.08.2015, 06:29

Б.Сағынтаев Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсету мәселелері жөнінде кеңес өткізді

24.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі Комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz Пример-Министрдің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Сел мен су тасқынынан зардап шеккен Тәжікстанда қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Комиссия Қазақстан Үкіметіне осы елге ресми гуманитарлық көмек көрсетуді ұсынды. Тәжікстанның зардап шеккен аудандарына ет және сүт консервілері, өсімдік майы мен сары май, қант, күріш, металл бұйымдары мен шифер жеткізіледі.  

Ауа температурасының күрт артуына байланысты Тәжікстанның көптеген таулы аудандарында мұздықтардың еруі күшейіп, жергілікті нөсер жауын сел мен су тасқынына алып келді. Пяндж, Вахш, Зеравшан, Кафирниган, Исфара және Исфана өзендері бассейндерінің бойында осындай жағдай қалыптасып отыр.