Бурабай аудандық ауруханасында 2,4 жасар қыз астан уланып, қайтыс болды деп жазады NUR.KZ.
Ақмола облыстық денсаулық сақтау ұйымы нәрестенің 17 қазан күні ішек инфекциясымен ауруханаға түскенін айтты.
Ал 19 қазан күні оның денсаулығы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне ауыстырылған.
Балаларға арналған инфекциялық бөлімнің зерттеуінен кейін, кішкентай қызға «ми - қан айналымы жеткіліксіздігі, гастроэнтероколиттің ботаникалық түрі, ботулизм» диагнозы қойылған.
Сондай-ақ балақайдың Щучинск қаласындағы дүкендердің бірінен алынған колбаса жегені анықталған.