$ 486.44  534.31  5.06

Шахизада Ерке Есмаханға өкпелеп жүргенін айтты

Эстрада әншісі Шахизада Ерке Есмаханға өкпелеп жүр. Өнердегі әпкесінің «Өмірлік әнім болшы» әнін сахнаға алып шыққан Есмахан Шахизададан рұқсат сұрамаған көрінеді.

Осылайша ән мәселесі әншілердің сыйластығына сызат түсірді. Шахизада өнердегі сіңлісіне деген өкпесін журналистер арқылы білдірді.

«Өзім біртүрлі боп қалдым. Біледі ғой. Осыдан 30 жыл бұрын мен әнге бейнебаян түсірдім. Сол әнді тыңдап өскен қыздар ғой. Бір ауыз «Шахизада апай, осы әнді орындасам бола ма?» десе, мен жоқ демеймін ғой»,- дейді әнші НТК арнасынан шығатын «Ревю» бағдарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары