$ 447.4  477.55  4.76

Аралқұмдық емші Ерболсын «Күз ханзадасы» атанды (ВИДЕО)

Науқастарды қамшымен ұрып емдейтін Аралқұмдық Ерболсын қазір Ақтөбеде білім алып жүр. Оқу орнында белсенді боп жүрген студент «Күз ханзадасы» атаныпты. Қуанышты жаңалығын ол Instagram әлеуметтік желісінде бөліскен.

Ерболсын Серікбаев қазір Ақтөбе қаласындағы Бәйішев атындағы колледжде медицина саласы бойынша білім алып жатыр. Күз мерекесіне арналған шарада «Үкілі бала» үнді биін билеп, «Күз ханзадасы» атанды.

Еске сала кетейік, Аралқұмдағы емші Ерболсынға кезінде жер жерден науқастар кеп, аяқтан тұрып кеткен. Бірақ жазылдым деп ойлап, дәрігер берген дәрілерді тоқтатып, қайтыс боп кеткендер де бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары