$ 494.87  520.65  4.91

ШҚО-да полицей формасындағы алаяқ әйел ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында полицей формасын киіп, біреудің үйін жалға беріп жүрген алаяқ әйел ұсталды деп хабарлайды Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Павлодар полицейлері ШҚО-дағы әріптестестерімен біріге отырып алаяқтық жасады деген күдікке ілінген ШҚО-ның 34 жастағы тұрғынын ұстады. Ол әйел тұрғындарды алдап, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып жүрген», – деп хабарлады полицейлер.

Қазіргі уақытта ұсталған әйел Өскеменнің тергеу изоляторында.

«Осы дерекке қатысты «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – деді полициядағылар.

Алаяқ әйелдің біреудің үйін өзі жалға алған болып, расында сол күні хабарлама беріп, үйді басқа біреулерге ұзақ мерзімге жалға беріп отырған.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары