02.11.2018, 09:32

Атырауда екі қайықтың соқтығысу салдарынан бір адам қаза тапты

Атыраудың Еркінқала ауылы маңындағы Жайық өзенінде қатты жылдамдықпен екі қайық соқтығысып, бір адам көз жұмған деп жазады Ақжайық басылымы.

Оқыс оқиға 31 қазанда түнгі уақытта болған.

Басылым мәліметінше, 19 жастағы балықшы оқиға орнында алған жарақаты салдарынан көз жұмған.

Ал қалған үш жолаушы жеңіл жарақат алған.

Айта кетейік, құқық қорғау орындары аталмыш іске қатысты пікір білдірмеген.