$ 443.85  474.3  4.8

Астанада арбада отырып билеуден ашық чемпионат басталды

Бүгін елордада мүмкіндігі шектеулі жандар арасында пара биден ашық чемпионат басталды деп жазады ҚазАқпарат.

Пара би бойынша Астананың ашық чемпионатына еліміздің 6 аймағының (Астана, Шымкент қалалары, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстары) өкілдері қатысуда. Олардың арасында би спортынан Әлем және Азия чемпиондары мен лауреаттары бар. Ашылу салтанатына Қазақстан мен Ресейдің би ұжымдары қатысып жатыр. Сондай-ақ, чемпионат аясында хореография және сахна биінен балабақша тәрбиеленушілерінің де фестивалі өтуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары