$ 448.15  483.46  4.86

«Көкжайлау» жобасы туристерді тартуда үлкен рөл атқарады − Мұхтар Ниязов

Қазақстан билігі биыл жыл басында «Көкжайлау» тау шаңғысы шипажайы жобасының «жаңа параметрлерін» жариялаған болатын. Айтыскер ақын Мұхтар Ниязов бұл жобаның туристер тартуда таптырмас рөл атқаратынын айтады.

Айтыскер ақын елдің имиджіне оң ықпал етіп, экономикасын жақсартатын бұндай ресурстарға қашан да қолдау білдіру керек деген ойда.

«Қала əкімі Бауыржан Байбек мырза келгелі ару қала Алматымыздың қаншама оң өзгерістермен, қайта түлеп, құлпырып келе жатқанын байқаймыз. Алматының өз тұрғындары байқамауы мүмкін, біз секілді анда-санда баратын адамдарға бірден байқалады.

Көкжайлау жобасы да меніңше тек қана Алматының ғана емес, туристерді тартуда еліміздің үлкен брендіне айналатын үлкен жоба болатын секілді. Бір жағынан еліміздің жазғы олимпиадалық спорт түрлеріне ғана емес қысқы спорт түрлеріне деген жаппай ұлттық қызығушылығының артуына да сеп болар еді», - деген Ниязов желідегі парақшасына әкімдіктің алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Мұхамеджан Тазабек те Көкжайлау жайлы жазылып жатқан теріс пікірлердің орынсыз екенін айтып, шипажайдың ел үшін қызмет істейтінін мәлімдеді.

«Аспан сөгіліп, тау тұтас үгітілгендей бүлініп кеткен ештеңе жоқ. Арада ғасыр жатыр демесеңіз, «қазақ жерінде қырқылған бір уыс жүн қазақ баласының үстіне киім боп киілуін» армандаған Алаш қайраткерлерінің көздегені де осы емес пе еді? Құдай нәсіп қылған Алатаудың игілігін, бұйра белдердің артықшылығын қазақ баласы қызметіне жаратса айып па?», - деп Тазабек көпшілікті жақсы ойлауға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары