$ 498.34  519.72  4.85

Украина әуе компаниясы Астанаға ұшатын рейстерді тоқтатты

«Украина халықаралық әуе жолы» компаниясы 2018-2019 жылдарға арналған қысқы ұшу кестесін өзгертіп, Киев-Астана тікелей рейсін тоқтатты. Бұл туралы әуе компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Компания сайтында жарияланған мәлімдемеде «биыл әуе жанармайы былтырғыдан 40,3 пайызға қымбат. Қысқы уақытта Еуропа мен Украинадан тікелей Астанаға ұшатын жолаушылар саны азаяды. Мұның бәрі – шығын. Осыған байланысты компания Астана мен Киев арасындағы рейстерді өзге әріптес компаниялармен бірге жасауды жоспарлап отыр. Тікелей рейстер 2019 жылдың сәуірінде қайта ашылады» деп жазылған.

Жолаушылар Астана мен Киев арасында желтоқсанның 3-іне дейін тікелей ұша алады. Бұдан кейін Киевтен Астанаға ұшатын тікелей рейстер болмайды.

«Украина халықаралық әуе жолы» компаниясы 1992 жылы құрылған. Компанияның таяу-қиыр қашыққа қатынайтын 45 ұшағы бар.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары