$ 444.32  473.33  4.76

Путин Петропавлға келді

Ресей президенті Владимир Путин XV өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Солтүстік Қазақстанға келді. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.

Бағдарламаға сәйкес, бірер сағаттан кейін Петропавлда Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлейтін пленарлық отырыс басталуы тиіс. Отырыс алдында екі мемлекет басшысы Қазақстан-Ресей туристік көрмесіне барып, екіжақты кездесу өткізеді және «Бәйтерек» зымыран-ғарыш кешенімен танысады.

Отырыс аяқталғаннан кейін екі мемлекет лидері ортақ құжаттарға қол қойып, жаңа оқушылар сарайының оқу-ойын алаңын көреді.

Форум екі мемлекеттің туризмін дамытуға бағытталған жаңа тенденциялар мен тәсілдерге арналмақ. Оған шамамен 500 адам қатысады, соның ішінде 250-і құрамына өңір басшылары мен ірі компаниялар жетекшілері кіретін Ресей Федерациясының 22 субъектісінен делегация, министрлік және ведомство өкілдері.

Алдындағы форум 2017 жылы қарашада Челябинскте өткен болатын.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары