4 қарашада Карл Маркс көшесіне қарай бет алған жолаушылар автобусы шұңқырға түсіп кетті. 23 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған деп хабарлайды Қарағанды облыстық департаментінің баспасөз қызметі.
Автобус жүргізушісі жол бойындағы белгіні соғып, шұңқырға түсіп кеткен.
Жол апаты салдарынан 6 адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы кезінде автобус салонында 40 жолаушы болған.
Дереккөз: Newtimes.kz.